Астанада «Орталық Азия жылу энергетикасы» форумы өтті

Астанада «Орталық Азия жылу энергетикасы» форумы өтті

Астанада Орталық Азиядағы жылу және электр энергиясын өндірудің озық тәсілдері қаралды. Дәстүрлі форум аясында энергетика саласын мемлекет аралық реттеу тетіктері, сондай-ақ баламалы энергия көздерін дамыту барысы талқыланды. Қазіргі таңда Қазақстанда 160-тан астам жасыл энергетика нысаны бар. Олар жалпы қуат көлемінің 7%-дан астамын, шамамен 3,5 гигават энергияны өндіріп отыр. 2030 жылға дейін бұл көрсеткішті 15%-ға жеткізу көзделген. Мамандар жалпы қуаты 2,5 гигаватт болатын Қазақстандағы бірінші Атом Электр Станциясының құрылысына жеке тоқталды. Алдағы жылдары бұл нысан елдің энергия қажеттілігінің 20%-ын өтей алады.

Равиль Валеев, сарапшы

- Дайындық жұмыстары қазірдің өзінде қолға алынған, ал құрылыстың белсенді кезеңі 2027 жылы басталады деп күтілуде. Бұл жаңартылатын энергия көздерінің дамуы тұрғысынан аса маңызды. Қазіргі таңда энергия балансындағы күн және жел электр станцияларының үлесі артып келеді. Алайда, баламалы энергетика тұрақты генерация көздерінің орнын баса алмайды. Сондықтан атом саласы жасыл энергетиканы толықтырушы маңызды бағыт ретінде қарастырылып отыр.

Сайфулла Шаисматов, Жобалау институтының директоры, Өзбекстан:

- Қазақстан мен Өзбекстанның осы бағытта қолданып келе жатқан тәсілдері ұқсас, негізінен энергияны тиімді өндіру технологиялары, баламалы энергия көздері бағытында дамып келеміз. Біз өз тәжірибемізбен бөлісуге және осы елдің жобалау ұйымдарының жаңалықтарын игеруге бейілміз. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?