Мәжіліс Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы заң жобасын қарайды

Мәжіліс Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы заң жобасын қарайды

Smart City статусы берілетін Алатау қаласы үшін арнайы мемлекеттік қор құрылатын болды. Оған корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығынан түскен қаржының бір бөлігі тұрақты түрде аударылып отырады. Мәжіліс Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы заң жобасын қарауға алды. Оны ұсынған төменгі палата депутаты Нұртай Сабильянов цифрлық қаланы басқару үшін арнайы кеңес құрылатынын айтты. Оған Үкімет басшысы төрағалық етпек.  Естеріңізге сала кетейік, Алатау қаласы арнайы экономикалық аймақ ретінде құрылған.

Нұртай Сабильянов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Заң жобасы Алатау қаласының экономикалық, технологиялық ғылыми білім беру, сауда және инвестициялық орталық ретінде қалыптасуына жағдайлар жасауға, Алатау қаласына салынатын инвестициялардың кепілдіктерімен құқықтық қорғалуын арттыруға Ақылды қала құру және алатау қаласын экономикалық даму мақсатында ғылым мен техниканың озық жетістіктерін, технологиялық инновацияларды, заманауи тәсілдер мен тәжірибелерді қолдануға бағытталған. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?