Қазақстан Президенті республикалық референдумда дауыс берді

Қазақстан Президенті республикалық референдумда дауыс берді

Қазақстан Президенті жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдумға қатысып, Оқушылар сарайында орналасқан № 51 референдум учаскесінде дауыс берді. Мемлекет басшысы бүгін еліміздің дамуы мен келешегі үшін ерекше маңызды күн екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Бұл құжат – ең алдымен азаматтарымыздың басты құқығын, құқықтарын, бостандықтарын айқындайтын, кепіл беретін құжат. Еліміздің, жеріміздің, тұтастығы, тәуелсіздігімізді, егемендігімізді қорғайтын басты құжат. Енді 95 жылы қабылданған Конституцияның рөлі өте екерше. Себебі 35 жыл бұл құжат елімізге қызмет етті. Бірақ, заман деген бір жерде тұрмайды. Жаңа Конституцияны қабылдайтын уақыт келді.  

Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс берген соң отандық және шетелдік БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді. Ол конституциялық реформаның негізгі мақсаты мен міндеттеріне, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіне қатысты бірқатар сауалға жауап берді. Jibek Joly телеарнасының тілшісі Мемлекет басшысына Вице-президент лауазымын құру қажеттігі туралы сұрады. Себебі кейбір сарапшылар конституциялық реформа - биліктің транзитіне, Президент сайлауына дайындық деген пікір айтып жүр. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Кейбір сарапшы Қазақстанда билік ішінде бәсеке болады, неше түрлі үрдістер болады, зиян келтіретін, ешқандай қорқыныш болмауы керек. Бұл мәселе бойынша, вице-президент деген біздің биліктің инфрақұрлымын нығайтады, яғни айқын болады. Мен өзім президент ретінде бұл лауазымға не болмаса бүкіл реформаға үмітпен қарап отырмын.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?