V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына 1 ай қалды

Небәрі 1 айдан кейін Қазақстан астанасында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Ұлттық спорт түрлерінің сайысы мен көшпенді халықтардың рухани құндылықтарын өз көзімен тамашалағысы келетін жандар билеттерді онлайн режимде де, қала кассаларынан да ала алады. Сатылым қазірдің өзінде басталып кетті. 6-шы тамыздан бастап ойындардың ашылу салтанатына да, жарыстарға да билет сатып алуға болады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, 5 жасқа дейінгі балалар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға кіру – тегін. Айта кетейік, ойындардың ашылу салтанатында танымал әртістердің өнерін тамашалауға болады. Олардың қатарында Димаш Құдайберген бар. Естеріңізге сала кетсек, этноспорт бойынша басты халықаралық додаға 89 елден спортшы келеді. Олар ұлттық ойындардың 21 түрі бойынша сайысқа түспек. Ерекше айта кететіндері: қазақ күресі, көкпар, аударыспақ, жамбы ату. Қазақстандықтардан бөлек, ойындарға 100 мыңнан астам шетелдік қонақ келеді деп күтілуде.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?