Олимпиада жүлдегерлері елге оралды

Гүл шоқтары, қазақтың ұлттық тағамдары және жанкүйерлердің ыстық ықыласы. Алматы әуежайында Парижден ұшып келген қазақстандық спортшыларды жұртшылық осылай қарсы алды. Естеріңізге салайық, Нариман Құрбанов Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында спорттық гимнастиканың ат снарядындағы жаттығуда жеңіс тұғырынан көрінді. Ал, отандастарымыз Александра Ле мен Ислам Сатпаев Париж Олимпиадасында нысана көздеуден «қола» жүлде иеленген болатын.


Нариман Құрбанов, Париждегі Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері:

- Олимпиада басталғалы медаль аламыз деген үміт отын өшірмедік. Мақсатымыз осы болды. Үш жыл бойы жоспарлы түрде нәтижелерімізді тек жақсарта бердік. Жыл сайын көрсеткішіміз үздік болып, жеңіске жетіп жүрдік. Осылайша, медальға деген сенімділік арта түсті.

Александра Ле, Париждегі Олимпиада ойындарының қола жүлдегері:


- Менің қуанышымда шек жоқ. Бұл сезімді айтып жеткізу мүмкін емес. Біз нысана көздеуден ұзақ уақыт бойы жүлделі орын ала алмай келгендіктен, біз, бұл сайыста алғашқылардың бірі болғанымызға қуаныштымыз. Осылай, біз, қазақстандықтар тек білекті ғана емес, сондай-ақ, мерген екенімізді де дәлелдедік.