Өзбекстанда
триатлоннан Challenge Samarkand-2025 халықаралық турнирі өтті. Халықаралық
деңгейдегі дүбірлі додаға 30-дан астам елден екі мыңнан артық спортшы бас
жүлдені сарапқа салды. Сайыскерлер бірден үш кезеңді бағындырды. Олар жүзуден,
веложарыстан және жүгіруден спринттік және орта қашықтықта бақ сынасты. Жарыс
жолы Халықаралық туристік орталық аумағы, есу арнасы, «Мәңгілік қала» кешені
және Самарқанның тарихи көрікті жерлері арқылы өтті. Жарысқа тігілген жалпы
жүлде қоры 75 мың доллар. Қатысушылар сайыстың жоғары деңгейде өткенін және
әлемдік спорт қоғамдастығы үшін жаңа тартымдылық нүктесіне айналғанын алға
тартады.
Сергей Бодренко,
Жарысқа қатысушы /Қазақстан/:
- Жарыс жоғары деңгейде өтіп жатыр. Көңіл-күйім жақсы.
Суда жүзу, велоспорт кезеңі мен жүгіру сыны
мен үшін өте сәтті болды. Әзірге бірінші келдім. Алайда басқа сайыскерлердің
уақытын көру керек. Себебі мәреге бәріміз бір уақытта шыққан жоқпыз.
Макс Стэпли, Жарыс
жүлдегері /Ұлыбритания/:
- Бұл өте керемет жер
және бай тарихы бар әдемі қала. Мен мұнда велосипедпен жүріп келе жатқанда
көзім таңғажайып көріністерді шалып қалды. Білесіз бе, мен осындай жақсы адамдармен және
тамаша ұйыммен керемет жерде бас қосып, қызықты жарысқа ат салысқаныма шынымен
де ризамын. Мен үшін екінші орын алудың өзі үлкен нәтиже.

