V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақстандық жебелер пайдаланылады

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында садақшылар Қазақстанда шығарылған жебелерді пайдаланады. Олар барлық талаптарды ескере отырып, халықаралық стандарттарға сай жасалған. Дүбірлі додаға арнап 2 мыңнан астам жебе әзірленді. Айта кетейік, дәстүрлі садақ ату бойынша бәсекеге әлемнің 35 елінен 200 астам спортшы қатысады деп күтілуде.


Ербол Тәпенов, дәстүрлі садақ атудан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, «Алтын жебе» цехының жетекшісі:


– 5 жыл бұрын біздің дәстүрлі садақ ату федерациямызда осындай оқ сияқты, садақ сияқты материалдық базамыз жоқ болатын. Оны біз Түркиядан, Қытайдан, Венгриядан және басқа елдерден тапсырыс беріп, алғызатынбыз. Ол жиі жаттығуда, жарыстарда сынатын. Келуі өте ұзақ және қымбат болғандықтан, өзіміз жарты жыл бұрын өзіміз отандық өнім шығаратын болдық.