Сенат Дене шынықтыру және спортты дамыту туралы заңды мақұлдады

Сенат Дене шынықтыру және спортты дамыту туралы заңды мақұлдады

Қазақстан азаматы емес спортшыларды ел бюджетінен қаржыландыруға тыйым салынады. Яғни, легионерлерге жұмсалатын қазына қаражаты енді отандық спортшыларды қолдауға және спорт түрлерін дамытуға бағытталады. Бұдан былай оның мөлшері Ұлттық құрамалардың Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиа, Азия және Пара Азия ойындарында көрсеткен нәтижелеріне қарай белгіленеді. Сенат депутаттары спорт және дене шынықтыруды дамыту туралы заңға енгізілген осы және өзгеде бірқатар өзгерісті мақұлдады. Жаңа құжат 11 жаңашылдықты көздеп отыр. Оның аясында Ұлттық спорттық медицина және оңалту ұйымын мемлекеттік кәсіпорын ретінде құру ұсынысы қолдау тапты. Бұл салаға тың технологияларды  енгізіп, отандық спортшыларды кәсіби медициналық көмекпен қамтамасыз етуге тың серпін бермек. Ал, республикалық және өңірлік спорт федерацияларына ұлттық мәртебе берілмек.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Бүгін қаралған заң осы бағытта іске асырылып жатқан маңызды қадамдардың бірі. Заңда спорт саласын басқаруды жетілдіру және жүйені жоғары нәтижелерге қол жеткізуге бағдарлау тетіктері қарастырылды. Спорт саласына бөлінетін бюджет қаражатын тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін ережелер де қамтылды. Мақұлданған заң саламатты өмір салтын насихаттауға, халықты, әсіресе, балаларды спортқа баулуға және жоғары спорттық жетістіктерге қол жеткізуге оң септігін тигізеді деп сенеміз.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?