Теннистен Қазақстан құрамасы Дэвис кубогінің 1 әлемдік тобының аясында
Дания құрамасын қабылдады. Ойын қонақтардың пайдасына 1-3 есебімен аяқталды.
Соңғы кездесуде кортта жас теннисші Бейбіт Жұқаев жеңіске жетті. Отандасымыз
Ұлттық құрама сапында да, әрі Дэвис Кубогі аясында да алғашқы ойынын өткізді.
Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараевтың айтуынша, бұл
– үлкен жолдың басы ғана. Қазақстан құрамасы қатарына жас теннисшілер қосыла
бермек.
Диас Досқараев, Қазақстан теннис федерациясының
вице-президенті:
- Иә, әлбетте, 3-4 жылда
Дэвис Кубогінде Қазақстан намысын бұдан да мықты құрама қорғайды деп күтіп
отырмыз. Ұрпақтар сабақтастығын сақтай отыра, құраманың сапын жаңартып,
жасартып отырмыз. Бейбіт Жұқаев пен Тимофей Скатов қазірдің өзінде жақсы өнер
көрсетуде. Алдағы 2 жылда Әмір Омархановты құрама қатарына қосамыз деген
ойдамын. Сол кезде командамыз өте мықты болады, әрі жеңісті сериямызды
жалғастыра түсетінімізге кәміл сенемін.