V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық

V  Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық

Қазақстанда ғалымдар, ветеринарлар, генетиктер, сондай-ақ, спорттық психология және медицина мамандарының басын қосқан ғылыми топ құрылды. V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында   спортшыларымыздың бабында болуы, олардың психологиялық және физикалық ахуалы аса маңызды. Осыған орай мамандар көкпар, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату, дәстүрлі садақ ату спортшыларының құрама командаларымен жұмысты бастап кетті. Бұған қоса атбегілер де ғылыми топ өкілдерімен тығыз байланыста.  

Анатолий Құлназаров, кешенді ғылыми топтың жетекшісі:

– Кешенді ғылыми топ ашылған. Сол топтың мүшелері бүгін келіп, жұмысты бастайын деп жатырмыз. Бұл енді бүгін басталса, сентябрь айындағы біздің көшпенділер ойындарының Астанадағы соған дейін спортышыларды бақылауда ұстап, олардың күнделікті функционалды жағынан болсын, не болмаса, физикалық жағынан болсын, қай жағынан болсын дайындығының ең жоғарғы деңгейіне жеткізуге тырысып жатырмыз. 

Нұркен Байбөриев, ҚР Ұлттық және ат спорт түрлерінен мемлекеттік жатықтырушы:

– Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен ғылыми топ жұмыс істеп жатыр. Яғни аттардың денсаулығын және олардың жұмыс процесін зерттеу жұмыстары жүріп жатыр. Ғылыми тұрғыда да зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондықтан мұның барлығы дайындыққа, ары қарай шыңдалуына, жақсы көрсеткіш көрсетуіне үлкен әсерін тигізеді деп ойлаймыз.