Қазақстан Президенті Халықаралық және Азия паралимпиада комитеттерінің жетекшілерімен
кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев қадірменді меймандарға елімізде паралимпиада
қозғалысын ілгерілету бағытында атқарып жатқан жұмыстарына ризашылығын білдірді.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы отандық паралимпиадашылардың әлемдік аренадағы
толағай табыстары Қазақстанның инклюзивті, орнықты және әлеуметтік
жауапкершілік арқалаған мемлекет ретіндегі келбетін қалыптастыруға ықпал
ететінін жеткізді. Эндрю Парсонс пен Маджид Рашед біздің спортшылардың жетістіктеріне
тоқталып, олардың Париждегі соңғы төрткіл дүние ойындарындағы жеңістерін атап
өтті. Онда еліміз алғашқы екі алтын жүлдені қоса алғанда тоғыз медаль еншілеп
қайтты. Тараптар ынтымақтастық әлеуетін, жарыстарға қатысу және білім беру
бастамаларын талқылады. Қазақстан Президенті меймандарды ІІ дәрежелі «Достық»
орденімен марапаттады.

