Парижде өзбек күресінен
халықаралық турнир өтті. Дәстүрлі өзбек күресі түркі халықтарының әлемдегі ең
көне жекпе-жек түрлерінің бірі. Жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен үздік
балуандар жиналды. Барлығы 25 мемлекеттен 100-ден астам спортшы боз кілемге
шықты. Олар төрт салмақ дәрежесінде бақ сынасты. Өзбекстан президентінің
жүлдесі үшін турнирдің жүлде қоры 30 мың еуроны құрады. Жыл сайын турнирдің аумағы мен қатысушылар саны
кеңейіп келеді. Ал өзбекстандық дәстүрлі күрес - спорт түрі ретінде әлемде
танымалдылыққа ие болуда.
Филипп Ожье, Довиль
қаласының мэрі:
- Дәстүрлі өзбек
күресімен танысқаныма өте қуаныштымын. Өзбекстан Президентінің жүлдесі үшін ұйымдастырылған
күрес турнирі менің осы елмен кеңірек тануыма себеп болды. Бұл беделді турнир -
тек спорттық оқиға ғана емес, мәдени, туристік, сонымен қатар спорт салаларын да
дамытуда пайдалы байланыстарды орнатуға мүмкіндік беретін алаң. Мұндай
алмасулар ынтымақтастықтың дамуы мен жаңа бағытқа беттеуіне ықпал етеді.
Оливер Гризард, UBAF
банкінің халықаралық сауда және банк операциялары жөніндегі директоры:
- Енді мен үшін Өзбекстан, әсіресе командалардың
Париж Олимпиадасындағы әсерлі нәтижелерін ескерсек, спорттағы жетістерімен
көзге түскен ел, Азиядан, Еуропа мен Африкадан келген спортшылардың қатысуымен
Парижде өткен турнир Ұлттық күрес түрінің дамуына ғана емес, Өзбекстанның
халықаралық имиджін нығайтуға ықпал ететіні сөзсіз.
Әйелдер арасында 70
келіге дейінгі салмақта Мұхлисахон Қадырберганова қола жүлдені иеленді, ал
ерлер арасында 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Әлихон Нодиров пен Шерали
Жураев жеңімпаз атанды. Спортшыларды отанында салтанатты түрде қарсы алды.
Шерәлі Жұраев, Турнир
жеңімпазы:
- Финалда Франциялық
балуанмен кездестім. Жеңіске жеттім. Қазір ұлттық спорт түрін дамытуға
айтарлықтай көңіл бөлініп жатқаны қуантады. Бұл ұлттық спорт түрлерінің әлемдік
аренада өсіп келе жатқан беделінің айқын дәлелі.

