Қазақстанның Паралимпиададан құрамасы елге оралды

Париж төрінде ел намысын абыроймен қорғаған паралимпиадашылар елге оралды. Елордадағы халықаралық әуежайға жиналған жанкүйерлер құрама мүшелерін  ыстық ықыласпен қарсы алды. Олардың арасында спортшылардың фанаттары мен туыстары бар. Қазақстан ұлттық құрамасы байрақты бәсекеде 9 жүлде жеңіп алды. Бұл ел тарихындағы параолипиада бойынша ең үздік нәтиже. Пара пауэрлифтингте топ жарған Давид Дегтярев ел тарихында алғаш рет екі дүркін Паралимпиада жеңімпазы атанды. Ал, Ақмарал Науатбек пара дзюдодан ел мерейін үстем етті.

Ақмарал Науатбек, Париж паралимпиадасының жеңімпазы:

 

- Жеңістен ләззат алып, сәл тынығып, денсаулығымды дұрыстаймын. Одан кейін, ойланып көремін. Давид Дегтярев сияқты екі дүркін Паралимпиада чемпионы болу мақсатым.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?