Тобылда құтқарушылар жарысы өтіп жатыр

Тобылда құтқарушылар жарысы өтіп жатыр

Өрт-құтқару спорты бойынша Қазақстанның жазғы чемпионаты Қостанай облысында өтіп жатыр. Жарысқа еліміздің барлық облыстарынан үздік спортшылар жиналды. Бірінші күні қатысушылар «сатымен көтерілу» бойынша жарысты. Ережеге сәйкес, әйелдер екінші қабатқа, ерлер төртінші қабатқа жылдам көтерілуі керек. Сонымен қатар, турнир кедергілерді бағындыру, өрт эстафетасын және мотопомпаны жауынгерлік орналастыруды қамтиды. Айта кетейік, барлық тапсырмалар құтқарушылардың күнделікті жұмыс барысынан алынған. Чемпионат қорытындысы бойынша үздік спортшылар Қазақстан құрамасы сапында әлемдік біріншілікке қатысады.

Мадияр Бегайдаров, Ақмола облысы құрама командасының мүшесі:

- Менің ойымша, ең асыл қызмет - адамдарды құтқару, көмектесу. Бұл лайықты мамандық, сондықтан ұнайды!

Дарья Постолова, Қостанай облысы құрама командасының мүшесі:

- Мен үшін бұл ең алдымен менің махаббатым және менің жұмысым. Егер сізде үлкен ерік-жігер мен ниет, іске деген сүйіспеншілік болса сіз спортпен шұғылдана аласыз. Сонда сіз жетістікке жетесіз.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?