Қазақстандық спортшылар Қытайда өткен қысқы Азия
ойындарында тарихи жеңістерге қол жеткізе алды. Ұлттық құрама құрлықтық додада
20 медаль еншілеп, жарыс жолын жалпы командалық есепте 4-ші орында аяқтады. Ел
қоржынына 4 алтын, 9 күміс және 7 қола түсті. Ұлттық құраманың 137 мүшесі бұл
сында ел намысын спорттың 6 түрі бойынша қорғады.
Мейрамғазы Сапарғалиев, ҚР Туризм және спорт министрлігі комитетінің
ресми өкілі:
- Бұл жетістік Қазақстанның Азияның спортында лайықты орын алатынын тағы бір дәлелдеді. Фристайл акробатикасы сынындағы тарихи жеңісті ерекше атап өту керек. Отандық спортшылар Қытайдың мықты деген командаларын шаң қаптырып, алтын медаль еншіледі. Шорт-тректен ерлер құрамасының да өнері әрелі болды. Ерлер хоккей құрамасы да топ жарды. Ақтық сында хоккейшілеріміз Жапония құрамасын 5-0 есебімен ұтты. Биатлон жарыстарында да ауыз толтырып айталық толағай табысқа жеттік. Владислав Киреев жоғары жылдамдық пен мергендік танытып, спринтте алтын, эстафетада күміс медаль жеңіп алды.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов.

