Көшпенді халықтардың ұлттық рухани-мәдени
мұрасын бүкіл әлемге паш еткен дүбірлі дода аяқталды. Дүниежүзілік көшпенділер
ойындарындағы жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы 1 орын алды. Отандастарымыз
43
алтын, 32
күміс және 37 қола медаль жеңіп алып, үздік нәтиже көрсетті. Екінші орында 19 алтын медаль жеңіп алған
Қырғызстан құрамасы. Ал,
үздік үштікті 12
алтын медаль алған Ресей
құрамасы қорытындылады. Жалпыкомандалық есепте 4 орын алған Өзбекстан командасы 11 алтын алғанын айта
кеткен жөн. Бесінші орынға 2 алтын медальмен Түркия құрамасы табан тіреді. «Ұлы дала дүбірі» деп ұрандатқан байрақты бәсекеге 89 елден 2 жарым мыңға
жуық спортшы қатысты. Ал, осыдан 10 жыл бұрын Қырғызстанда алғаш ұйымдастырылған
сайысқа не бары 19 елден 600-ден астам спортшы келген еді. Осыған қарап-ақ
жаһан жұртының көшпенділер өркениетіне қызығушылығы артқанын аңғару қиын емес.
Джастин
Хорн, турист, Австралия:
- Маған Астана жұртшылығының қонақжайлығы айрықша әсер
қалдырды. Қайда барсақ та ашық-жарқын адамдарды кездестірдік Ал, Көшпенділер
ойындары жадымда мәңгі қалады.
Әзім
Есенбек, спортшы, Қырғызстан:
- Қазақтарға
көп рахмет. Бәрі жоғары деңгейде болды.
Владимир
Попов, спортшы, Ресей:
- Ресейге
ертең ораламыз. Шынымды айтсам, қайтқым келмей тұр. Қазақтар әуежайдан
түскеннен асты үстімізге түсіп, жағдай жасады. Көп рахмет!
Түркі жұртының
олимпиадасы атанып үлгерген Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының келесі додасы
2026 жылы Қырғызстанда өтеді.