«Аркадаг» Түрікмен футбол клубы өз тарихында тұңғыш рет халықаралық жүлдеге ие болды

«Аркадаг» Түрікмен футбол клубы өз тарихында тұңғыш рет халықаралық жүлдеге ие болды

Түрікменнің «Аркадаг» футбол клубы өз тарихында тұңғыш рет халықаралық жүлдеге ие болды. Команда Азия футбол конфедерациясы Шақыру Лигасының кубогын жеңіп алды. Бұл маңыздылығы жағынан Азиядағы үшінші клубтық турнир. Түрікменстан өкілдері ақтық кездесуде камбоджиялық команданы 2:1 есебімен ұтты. «Аркадаг» клубы екі маусымда ел чемпионы атанды. Ұлттық Кубок пен Суперкубоктың иегері болды. Ал, Шақыру Лигасындағы жеңіс – команда қоржынындағы төртінші ірі жүлде. Түрікменстан Футбол халықаралық федерациясымен, Азия футбол конфедерациясымен және Халықаралық олимпиада комитетімен белсенді қарым-қатынас орнатқан.


Шаназар Тиркешов, АФК Шақыру Лигасының үздік ойыншысы:

- «Бұл жеңіс тек «Аркадаг»  үшін ғана емес, бүкіл Түрікмен футболы үшін тарихи оқиға болды. Біз екі жыл бұрын ғана дүбірлі додаларға қадам бастық. Соған қарамастан, бұл - біздің алғашқы халықаралық жүлдеміз. Турнирдің үздік ойыншысы атану - үлкен мәртебе. Шын мәнінде бұл жеңіс - бүкіл команда жұмысының нәтижесі. Жетістікке жету үшін әрқайсымыз қолдан келгенді жасап, үлес қостық». 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?