Ұлыбританияда қазақстандық CodiPlay стартапы үздік білім беру жобасы деп танылды

Қазақстандық CodiPlay стартабы Ұлыбританияда беделді марапатқа ие болды. Жанәділ Талдыбаевтың оқушыларды бағдарламалық оқыту мен үйретуге арналған жобасы The PIEoneer Awards 2024 халықаралық сыйлығының нұсқасы бойынша «білім беру» санатында жылдың үздік «цифрлық инновациясы» атанды. Байқауға 34 елдің стараперлері қатысып, 20 түрлі бағыт бойынша білім беру технологияларын ұсынды. Айта кетейік, стартап Лондонда сертификаттаудан өтіп, EdTech Impact платформасына қосылды. Ол білім беру мекемелеріне үздік шешімдерді табуға көмектесетін EdTech-өнімдерін бағалауға және шолуға арналған. CodiPlay білім беру роботтары санатында 1-орынды иеленді. Сондай-ақ, сабақ және ресурстар санатында EdTech Impact-тегі барлық стартаптар арасында 15-ші орын алды.

Жанәділ Талдыбаев, Ceo және CodiPlay негізін қалаушы:

- Ecosystem Codiplay (Екосистем Кодиплей) 3 өнімді қамтиды, бұл балаларға ойын ойнауға, сонымен қатар C++ (cисиплас), Python (пайфан), және Scratch (скрәтч) бағдарламасын құрастырып, үйренуге мүмкіндік беретін мобильді қосымша. Бізде мұғалімдерге сабақтарды ұйымдастыруға көмектесетін Coditeach (кодитек) веб-платформасы бар. Сондай-ақ, Codekit (коудкит) робототехникасына арналған жиынтықтарды ұсынамыз, олардың көмегімен балалар IoT (АЙоуТИ) жобаларын, сондай-ақ ақылды үй, ақылды шам, бағдаршам және ақылды тосқауыл сияқты Iot (АЙоуТИ) интеллектуалды өнімдерінің прототиптерін жасай алады.