Қазақстанда 100 астам АІ-стартаптары жұмыс істейді

Қазақстанда 100 астам АІ-стартаптары жұмыс істейді

Қазақстанда 100-ден астам АІ-стартаптары жұмыс істейді. Ал соңғы үші жылда салаға салынған венчурлық инвестициялар көлемі бес еседен астам өсіп, 14 тен 73 млн долларға жетті. Осылайша, елімізде жасанды интеллект саласындағы инновациялық жобалардың қарқынды дамып келе жатқан экожүйесі қалыптасты. Бұндай тың деректер Қазақстанда жасанды интелеллекттің дамуы жөніндегі алғашқы ұлттық есебінде келтірілген. Зерттеу авторларының бағалауынша, АІ-шешімдерін ендіру елдің ЖІӨ-нің жыл сайын 2% дейін өсімін қамтамасыз ете алады. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы да Ұлттық құрылтайда айтқан болатын. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз цифрландыруды дамыту, қоғамдық және жеке өмірдің барлық салаларына жасанды интеллектті енгізу жолына түскенін атап өтті. Мемлекеттік деңгейде виртуалды ақыл-ойды пайдаланудың бір мысалы - Smart Data Ukimet.

Дмитрий Мун, ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі:

- Осының аясында болашақта салалық тілдік модельдерді жасауға мүмкіндік беретін ведомстволық және салалық деректерді жинау жүйесін қалыптастыру аса маңызды. Қазірдің өзінде қазақ тілінде жұмыс істейтін, Қазақстан тарихын өзге тілдік модельдерге қарағанда тереңірек әрі жақсы білетін тілдік модельдердің үш нұсқасын әзірледік. Бұл ретте қазір жасанды интеллекттің көмегімен түрлі салалардағы тиімділікті арттыру міндеті тұр. Бұл ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, денсаулық сақтау сынды маңызды салаларға қатысты болуы мүмкін. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?