Құжаттарды тексеру,
Face2Face-салыстыру, KYC. Осының барлығын жасауға отандық Biometric.Vision
стартапының озық технологиясы мүмкіндік береді. Ол сандық алаяқтықтың алдын
алуға көмектеседі. ЖИ енгізудің арқасында барлық үрдіс автоматтандырылады,
қауіпсіздік артады және уақыт үнемделеді.
Әлібек Нарымбай, Biometric Vision
негізін қалаушы:
- Бизнес онлайн режимге өткен
кезде, ол банктер, қаржы немесе қандай да бір бизнес түрі бола ма маңызды емес,
оған экранның екінші жағында шынайы тірі адам екенін түсіну және оны
сәйкестендіру қажет. Біздің жасанды интеллект компьютерлік көру базасына
негізделген, ол осы үрдіске, яғни нағыз тірі адамның отырғанын, біреудің
суретін қоймағанын анықтауға көмектеседі.
Бүгінде технология қаржы,
телекоммуникация және мемлекеттік салаларда қолданылады. Атап айтқанда, еліміз
бен Орталық Азияда ғана емес, Біріккен Араб Әмірліктері, Қытай, Малайзияның ірі
банктері мен базарларында іске қосылған Қазақстандық өнім жақын арада Мексикада
да жұмыс істей бастайды.
Таңат Өскембаев, Astana Hub басқарушы
директоры:
- Жасанды интеллект - бұл қазір
бүкіл ел бойынша күн тәртібінде бірінші тұр. Барлығы өз міндеттері үшін әртүрлі
AI-шешімдерді іздейді. Жалпы, даму динамика оң және жақын арада барлық салаларға
жасанды интеллект енгізілетін болады.

