47 қазақстандық әлемнің жетекші зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтеді

47 қазақстандық әлемнің жетекші зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтеді

47 қазақстандық әлемнің жетекші ғылыми және зерттеу орталықтарында тағылымдамадан өтеді. Еліміздің халықаралық бағдарламалар орталығының мәлімдеуінше, жаратылыстану-техникалық бағытта 28 грант және қоғамдық-гуманитарлық бағытта 19 стипендия тағайындалды. Жалпы отандық ғалымдар бірнеше салалық бағыт бойынша тәжірибе жинақтайтын болады. 

Атап айтсақ, «инжиниринг және технологиялар», «денсаулық сақтау», «ауыл шаруашылығы және ветеринария», «жаратылыстану ғылымдары», «әлеуметтік ғылымдар», «гуманитарлық ғылымдар» мен «өнер». Үміткерлер негізінен Гарвард, Токио, Белфаст Корольдік университеттері сияқты әлемдік рейтингтер қатарына кіретін жоғары оқу орындарына түсті.


1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?