Халықаралық журналистика мектебінің алғашқы түлектері диплом алды

Халықаралық журналистика мектебінің алғашқы түлектері диплом алды

Астанада Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені мен Мақсұт Нәрікбаев университетінің бірлескен жобасы - Халықаралық журналистика мектебінің алғашқы түлектері дипломдарын алды. Яғни, «Журналистика: аналитика және зерттеу» бірегей бағдарламасымен 25 шәкірт оқып шыққан. Онда тек теорияға ғана емес, халықаралық тәжірибеге де сүйенеді. Дәріс берушілер қатарында Al Jazeera телеарнасымен CMG Қытай медиасының да оқытушылары бар. Оқу бағдарламасы төрт негізгі бағыттан тұрды: журналистика, құқық, экономика және IT. Оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізілді. Барлық түлектер Қазақстанның жетекші редакцияларында тәжірибеден өтіп, 11 БАҚ-та жарияланған медиа жобаларды жүзеге асырған. Жалпы, Maqsut Narikbayev University 30 бағдарлама бойынша мамандар даярлайды және түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша көшбасшылардың қатарында. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?