«Ұлы дала – 2025» халықаралық әдеби байқауына өтінім қабылдау басталды

«Ұлы дала – 2025» халықаралық әдеби байқауына өтінім қабылдау басталды

Астанада шетелдегі қазақ ақын-жазушылары кітаптарының тұсауы кесілді. Бұл дәстүрлі «Ұлы Дала – 2024» халықаралық шығармашылық байқауының жеңімпаздары . Көркем әдеби туындылар сынына жырақта жүрген этникалық қазақтардан 100-ге тарта өтінім келіп түскен. Оның ішінен 9 автордың еңбегі іріктеліп, атажұртына таныстырылды. Қалың оқырманға жол тартқан аталмыш поэзия және прозалық жинақтарды негізінен Монғолия, Өзбекстан, Тәжікстан және Ресей қаламгерлері жазған. Жалпы 2023 жылдан бері қолға алынған жоба аясында қазақстандық баспалардан шыққан 20-ға тарта кітап жарық көрген. Бүгінде олардың электрондық нұсқасымен де танысуға болады. Айта кетейік, «Ұлы дала – 2025» халықаралық байқауына өтінім қабылдау басталды.

Данияр Қадыров, «Отандастар қоры» КЕАҚ Президенті:

Кітаптардың ең басты маңызы өзіміздің ұлттық бірегейлікті, болмысымызды, ұлттық кодымызды сақтап қалу үшін әсіресе жастарға бейімделген. Ол кітаптарды біз Қазақстанның ішінде тегін таратамыз. Кітапханаларға және мектептерге береміз. Сондай-ақ, біздің сырттағы ағайындарға, қандас бауырларға таратып, қазақ тілін дәріптеп, қазақтың рухын, намысын, рухани болмысын насихаттаймыз.

Дәулеткерей Кәпұлы, «Қазақстан жазушылар одағы» РҚБ Астана қаласы филиалының басшысы:

- Көркемдік деңгейі, жалпы тәрбиелік мәні, мазмұны жағынан қатаң тексеріледі. Сондықтан былтырдан шығып жатқан кітаптардың сапасына және мазмұнына ешқандай күмән келтіруге болмайды деп ойлаймын. Өзімде «Қазақстан жазушылар» одағының өкілі ретінде бұл жобаның жалғасын тапқанын қалаймын. Өйткені жобаның біздің руханиятымызға берері мол. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?