Қазақстанда Visa Fashion Week Almaty халықаралық сән апталығы жаңа маусымды «Seeing and Being Seen тақырыбымен» ашты. Биыл мәдени іс-шара алаңы алғаш рет мегаполистің Атакент Экспо көрме кеңістігінде өтеді, бұл сән көрсетілімдерінің форматы мен ауқымын кеңейтуге мүмкіндік берді. Бағдарламада - 18 дизайнердің коллекциясы, сондай-ақ Next Designer Award байқауының финалистерінің дефилесі ұсынылды. Сондай-ақ, подиумдық көрсетілімдермен қатар, сарапшылармен паблик-ток, шеберлік сыныптары мен қонақтарға арналған іс-шаралар жоспарланған. Өткен маусымдағыдай, жоба сән, өнер және технологияны біріктіреді, жаңа есімдер мен креативті эксперименттер үшін ашық кеңістік ұсынылады.

