Қазақстанның Ұлттық музейінде XIII пен XX ғасырларды қамтитын мыңға жуық бірегей экспонаттар, жаңартылған экспозиция залында көрермен назарына ұсынылды. Аталмыш көрме биылғы жылдың басты бірнеше оқиғасына орайластырылған. Ол – Абайдың 175, Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Ұлы Жеңістің 75 жылдығына және еліміздің басты мерекесі Тәуелсіздік күніне арналған. Көрменің мақсаты – қазақстандықтар мен шетелдік қонақтарды Ұлы Даланың сан ғасырлық тарихы мен бай мәдени мұрасымен таныстыру. Алдағы уақытта тек арнайы тақырыпты ұсынылатын экспозицияда Қазақстан жылнамасының бірегей және эксклюзивті үлгілері ұсынылған. Олардың арасында қазақ хандары мен билеушілерінің мұрағат құжаттары, жеке заттары, ежелгі қалалардың фотосуреттері, макеттері, сондай-ақ қазақ жерінің бостандығы мен тәуелсіздігі жолында күресін растайтын экспонаттар бар.
СЕРІК ӘБДІРАХМАНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙІ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ БӨЛІМІНІҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
- Қазақстан тарихы залы арнайы бірнеше тақырыптық бөлімдерге бөлінген. Яғни залдың оң жағы толығымен Қазақ хандығы кезеңіне арналған, батырлар институты, билер мен жырауларға арналған бөлік. Мұнда Абылай ханның шапаны, Қазыбек би, қазақ хандарының, билеушілерінің мөрлерінің көшірмелері, мемлекеттік билік элементтері, таяқтар, сондай-ақ алтын жалатылған дулыға және басқа да қару-жарақ сияқты бірегей құнды заттар ұсынылған.