Ақтауда «Қорқыт ата» Түркі әлемінің кинофестивалі аяқталды

Ақтауда «Қорқыт ата» Түркі әлемінің кинофестивалі аяқталды

Ақтауда Түркі әлемінің «Қорқыт ата» кинофестивалі өз шымылдығын жапты. Дәстүрлі байқау бағдарламасына 50-ге жуық фильм көрсетілімі кірді. Деректі кино санатында қазақстандық «Тоқаштар» лентасы, ал қырғызстандық «Қара. Қызыл. Сары» картинасы көркем филімдер легінде үздік атанды. Отандық «Жоқтау» фильмінің авторы Аруан Анарбай үздік режиссер деп танылды. «Түркі мәдениетіне қосқан үлесі үшін» TURKSOY сыйлығы да қазақстандық актриса Самал Еслямоваға бұйырды. Еске сала кетейік бұл жолы фестиваль өз аясына Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркіменстан, Түркия және Өзбекстанның ұлттық кино ұйымдарын біріктірді. Сондай-ақ, биыл бірінші рет Мажарстан өкілдері келген.

Нұртас Сали, Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы:

¤

- Қорқыт ата фестивалі жалпы 5-ші рет өткізіліп жатыр. Осыған дейін осы түркі әлемінің мәдени астанасы атанған қалаларда осы байқау өтіп келді. Ақтаудың кезегі биылға келіп отыр және Маңғыстауда жалпы тұңғыш рет кинофестивальдің өтіп жатқаны.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?