Түркістан
облысындағы ескі қорымнан аса кұнды жәдігерлер табылды. Ордабасы ауданына
зерттеу жүргізіп жатқан археологтар бұрын-соңды кездеспеген тарихи
артефактілерге тап болды. Атап айтқанда, Хань кезеңіне тиесілі қола айна, Рим империясында қолданыста болған түйреуіш, сырға,
ірі моншақтар, құс аулау үшін арнайы жасалынған жебе табылған. Мамандардың айтуынша, археологиялық орынның 2 мың жылдан
астам тарихы бар. Осыған қарап, бұл қаңлы дәуіріне тиесілі деген болжам
айтылуда. Археологтардың тапқан зергерлік бұйымдары жасалу технологиясымен
ерекшеленеді. Айшық тәрізді алтын сырғалар асыл тастармен безендірілсе,
тұрмыстық заттар қоламен көмкерілген. Сондықтан, бұл бірегей жәдігерлер Қаңлы
кезеңінің мәдениетін тағы да тани түсуге жол ашты.
Александр Подушкин, Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ профессоры:
-Табылған екі сырға
зергерлік өнердің қайталанбас үлгісі. Оларды Қаңлы мемлекетіне тиесілі екенін
айта аламын. Өйткені сол заманның мәдениетінде дәл осындай алтындар қолданылған. Ол Сармат-қаңлы дәуіріне
тиесілі. Дәл осындай технологияларды батыс елдерінде Грекия қалаларында, кейінгі Рим империясында қолданылған. Бірақ олар осы өз
даламызда табылып жатыр.