25 қазанда Қазақстанда ұлттық мереке - Республика
күні атап өтіледі. Бұл күні 1990 жылы Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен
мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданды. Маңызды құжат тәуелсіз елдің
қалыптасуы жолындағы алғашқы қадам болды. Әлемдік экономика және саясат
институты сарапшыларының айтуынша, ұлттық мейрам дербес мемлекеттің қадасы
қағылған сәтті ұлықтау мен өткенді түгендеп, бүгінгі күнді саралау және жарқын болашаққа бағыт-бағдар береді.
Арман Тоқтышақов, Әлемдік экономика және
саясат институтының сарапшысы:
- Тәуелсіз мемлекеттер
үшін қажетті барлық алғышарттар осы құжаттан бастау алады. Оның 1990 жылы 25
қазанда қабылданғанын білеміз. Бұл алғашқы қадам, яғни егеменді ел ретінде дамуға
және оған қажетті басқа үрдістерге жол ашты. Декларация негізінде елдің
конституциялық заңы қабылданды. Араға бірнеше жыл салып декларация, яғни
мемлекеттік егемендік құжатының негізінде алдымен 1993 жығы, кейін барып 1995
жылғы конституция, ел азаматтары арқа сүйеп отырған қазіргі қолданыстағы Ата
заң қабылданды.
Сарапшылардың пікірінше 34 жыл бұрын дәл осы күні
саяси-құқықтық негіз қалаушы құжат жария етілісімен еліміз барлық бағыттарда
дербес дамудың даңғыл жолына түсті. Ел қатарлы экономикалық өрлеудің құқықтық
негізі салынды. Сонымен қатар, заман ағымына сай ұлттық бірегейлікті сақтау міндеті
тұрды. Көп ұлтты ел халқының бірлігін жарастырып, бір мүддеге ұйыстыру - күн
тәртібіне кірді. Бұның бәрін мемлекетіліктің егемендік деклорациясы қамти алды.
Арман Тоқтышақов, Әлемдік экономика және
саясат институтының сарапшысы:
- Декларация ел
игілігі қамында саяси, экономикалық және әлеуметтік шешімдерді билік басында
жүрген атқамінерлердің қабылдау құқығын бекітті. Билікті тармақтарға бөлу
қағидаты, күш құрылымдары, ұлттық қауіпсіздік органдарының дербестігі
қалыптасып, елдің тәуелсіз қаржы жүйесі құрылды. Яғни, өзіміздің жеке
банктеріміз ашылып, ел болып жетілу үшін көптеген жаңа тетіктер ендірілді. Осылайша бүгінгі тың
нәтижелерге жетудің берік тұғыры қаланды.
Жеңіс Ермұқано