Қазақстан Президенті Әлемдік конфессиялар көшбасшыларымен кездесті

Қазақстан Президенті Әлемдік конфессиялар көшбасшыларымен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы Кириллмен кездесті. Мемлекет басшысы бұл кездесу стратегиялық серіктес, әрі одақтас Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты тереңдету жолындағы тағы бір маңызды қадам екенін атап өтті. Қазақстан Президенті екі ел арасындағы рухани байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі үшін әрі айрықша құрмет белгісі ретінде патриарх Кириллді «Алтын Қыран» орденімен марапаттады. Жоғары мәртебелі мейман Қасым-Жомарт Тоқаевқа қонақжайлық танытқаны үшін алғыс айтып, Орыс православие шіркеуінің миссиясы халықтар арасындағы бейбітшілік пен өзара түсіністікті нығайту екенін мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:


- Ең алдымен, Съезге арнайы келгеніңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Сіздің бұл жиынға қатысуыңыз, шын мәнінде, форумның табысты өту тұрғысынан маңызды. Біз Сізді құрметтейміз. Өзіңізге мәлім, Қазақстан мен Ресей – стратегиялық серіктес, одақтас елдер.


Бүкіл Ресей патриархы Кирилл:

- Бұл біздің достас еліміз. Ғасырлар бойы қатар өмір сүріп келеміз. Қазір мемлекеттеріміз бөлек болғанымен, достық, өзара қолдау және ынтымақтастық тінін берік жалғап отырмыз.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі алаңында Қасым-Жомарт Тоқаев иудаизм ұйымының өкілдері Израильдің бас ашкеназ раввинімен, бас сефард раввинімен және Американың ірі еврей ұйымдары президенттері конференциясы атқарушы төрағасының орынбасарымен кездесті. Мемлекет басшысының айтуынша, меймандардың форумға қатысуы елдер арасындағы мәдени-рухани байланыстарды нығайтуға әзір екенін көрсетеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Иерусалим Патриархымен кездесуде Съезге ұдайы қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін алғысын жеткізіп, оның ұсыныстары форумының рөлін нығайтуға зор үлес қосқанын атап өтті. Мемлекет басшысы православ діні Қазақстанның рухани өмірінде маңызды орын алатынын да тілге тиек етті.

Сондай-ақ, Президент БҰҰ Бас хатшысының Өркениеттер альянсы жөніндегі жоғары өкілі Мигель Анхель Моратиносты қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев біздің еліміз Өркениеттер альянсымен ынтымақтастыққа үлкен мән беретінін атап өтті. Өз кезегінде құрметті қонақ Қазақстандағы реформаларды жоғары бағалап, форум қорытындысы бейбітшілік пен келісімді нығайтуға септігін тигізетініне сенім білдірді.

Президент Дүниежүзілік даошылар федерациясының төрағасы, Қытай буддашылар қауымдастығы төрағасының орынбасары және ҚХР Дін істері жөніндегі бас басқармасының әкімшілік департаменті бастығының орынбасарымен әңгімелесу барысында жаһандық өркениетаралық диалогты дамытуда Қытайдың сындарлы рөлін, бұған Төраға Си Цзиньпин зор үлес қосқанын атап өтті. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы осы бағыттағы бірлескен жұмыс екі елдің мәңгілік стратегиялық серіктестігін нығайтуға қызмет ететініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы Шейх-уль-ислам Аллашүкір Пашазадемен кездесуде дінаралық диалог мәселесінде Қазақстан мен Әзербайжанның ұстанымдары ортақ екеніне тоқталды. Өзара ықпалдастық екі елдің ұзақмерзімді серіктестігін бекіте түсетініне сенім білдірді.

Қазақстан Президенті мен БАӘ ислам және уақыптар істері жөніндегі бас басқармасының төрағасы Омар Хабтур әл-Дарей конфессиялар арасында өзара түсіністік пен үйлесімді нығайтуға бағытталған бірлескен күш-жігердің өзектілігіне тоқталды.  

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?