Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 29 шілдеде Президент Режеп Тайип
Ердоғанның шақыруымен Түркияға ресми сапармен барады. Бұл ткралы Ақорданың
баспасөз қызметі хабарлады. Анкараға сапары барысында тараптар серіктестікті
одан әрі нығайтуға бағытталған келіссөздер, сондай-ақ Қазақстан мен Түркия
арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің бесінші
отырысын өткізеді.

