Қазақстан мен Еуропалық Одақ әріптестігінің арту әлеуеті бүгін Ақордада талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Еурокомиссияның Вице-президенті және Еуроодақтың Сыртқы істер мен қауіпсіздік саясаты жөніндегі бас өкілі Жозеп Боррельмен кездесті. Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі аса маңызды мәселелер жөнінде және Орта Азия елдерінің өңірлік әріптестігі жайында пікір алмасты.