Ұлттық ұлан сарбаздары 101 жастағы соғыс ардагерін құттықтады

Ұлттық ұлан сарбаздары 101 жастағы соғыс ардагерін құттықтады

Астанада 101 жастағы соғыс ардагері Рзағұл Байкешевты Ұлттық ұланның қызметкерлері ерекше құрметке бөледі. Олар қарт майдангердің ауласында сап түзеп, жеңіс шеруін ұйымдастырды. Құрмет қарауылының оркестрі әскери әндерден шағын концерт берді.

Ғасыр жасаған Ақсақал арнайы құттықтай барған сарбаздарға ақжарма тілегін айтып, батасын берді.  Ол небәрі 17 жасында майданға аттанып, Ржев түбіндегі шайқастарға қатысқан, Польша, Румыния және Венгрияны азат етіп, Берлинге дейін жеткен. Айта кетейік, мұндай құрмет көрсету шаралары игі дәстүрге айналған. Қаңтардағы мәліметке сай, елімізде көзі тірі 120 соғыс ардагерінің алтауы Астанада тұрады. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?