«Happy Independence Day» фильмі әлемдік деңгейде мойындалды

«Happy Independence Day» фильмі әлемдік деңгейде мойындалды

Қазақстандық «Happy Independence Day» фильмі Лондондағы алтыншы Халықаралық Еуразиялық кинофестивальде үздік деп танылды. Ұлыбританиядағы Еуразия елдерінің кинематографиясын ілгерілетуге арналған жалғыз платформа биыл 22 елден 100-ге жуық фильмді тартты. Лента «Үздік қысқаметражды фильм» номинациясын жеңіп алды. Режиссер Камила Сағынтқанның картинасы саяси сатира жанрында түсірілген.

 

Камила Сағынтқан, режиссёр: 

-Біздің қысқаметраждағы ерекшелігіміз, біріншіден, менің командам керемет болды, олардың бәрі менің достарым, бәріне де идея қызықты болды.  Бас кейіпкер де өз рөлін шебер орындап шықты. Ол – өте білікті актер. Менің барлық ойымды қолдап, барынша көмек көрсетті. Менің ойымша, біздің фильмді әсіресе Шығыс Еуропа елі аса қызығушылықпен тамашалады. Картина премьерасы Польшада өтті.  Кейін мен Германияға бардым.