ҚР Премьер-Министрге Nazarbayev университеті ғалымдарының әзірлемелері таныстырылды

Отандық ғалымдар қазақстандық геномды зерттеп жатыр. «Генетикалық профиль» қазақстандықтардың түрлі ауру-сырқаттарға бейімділігін анықтауға мүмкіндік беріп, медицинаны соған сәйкес бағыттар бойынша дамытуға жол ашады. Осы және өзге де жаңа өнертабыстар туралы Назарбаев университетіндегі жоғары Қамқоршылар кеңесінің отырысында Премьер-Министрге баяндалды. Олжас Бектенов ғылыми жобаларды коммерцияландыру үшін өнеркәсіптік мекемелермен әріптестікті нығайту керектігін ескертті. Сонымен қатар ғалымдар өздерінің зертханаларын да таныстырды. Бұл жерде қазақстандық алымдар жасанды интеллект, оптикалық электроника саласындағы инновациялар және қатерлі ісікке қарсы жаңа тиімді препарат жасаумен айналысуда.

Дос Сарбасов, National Laboratory Astana бас директоры:

-Біз қазір онкологиялық препарат бойынша белснеді жұмыс істеп жатырмыз. Дивиси дәрісінің бүгінде, бірінші және екінші фазасының алғашқы зерттеулерін жасап үлгердік. Алғашқы зерттеулердің нәтижесі жақсы. Сондықтан, жұмысты ары қарай да жалғастырамыз. Қазір, Алматыда оның өндірісі қарқынды жүргізіліп жатыр. Біз препораттың шекті мөлшерін анықтау үшін клиникалық зерттеу жүргізуді жалғастыра бермекпіз. Осылайша, ем-дом тиімділігін барынша арттырмақпыз.

Бұл Назарбаев университеті ғалымдарының жалғыз әлеуеті мол жобасы емес. IT саласында қазақ тілді бағдарлама жасаушы ғалымдар да жетістіктерден кенде емес.

Ербол Абсалямов, НУ Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институты директорының орынбасары:

-Біз өзіміздің шеберлік дағдыларымызды, болашаққа көзқарасымызды және мақсатымызды көрсеттік. Атап айтқанда, компьютерлік көру қабілеті, жасанды Интеллектті медицинада қолдану, виртуалды кеңістік және қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған жобалар бойынша жұмыс істеудеміз. Мәселен, Сөйле моделін қолдану арқылы мен сөйлеген кездегі айтқандарымның барлығы автоматты түрде мәтінге айналады. Ал, Тілмаш деген қосымша қазақ тілінен 6 тілге және керісінше аудару қабілетіне ие. Кездесуде, біз есептеу қуатын арттыру қажеттілігі жайлы айттық. Алайда, үкімет онсыз да бұл мәселе бойынша қарқынды жұмыс істеуде.