Қазақстанда ауыл шаруашылығы санағы жүргізіледі. Бұл
осымен елдегі төрт түлікті түгендеуге қатысты екінші ұлттық науқан болмақ. Осы жолы аграрлық сектордың дамуына болжам
жасалатын шараны тамыз бен қазан айларының аралығында ұйымдастыру жоспарланған.
Биыл жазда тестік санақ өтеді. Ауыл шаруашылық дақылдар, үй жануарлары,
фермерлік қожалықтарға қатысты ақпарат жинақталады.
Әсел Жартыбаева, Ұлттық статистика бюросының департаменті директорының орынбасары:
Тізімге кімдер енеді, қай бағытты зерттейтін боламыз? Бұл
қатарда ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, заңды тұлғалар, шаруа қожалықтары, аграрлық
секторда жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер, яғни шаруалар бар. Сондай-ақ ауылдық
жерлерде, қалада жеке жер телімі бар, онда бақша дақылдарын егетін немесе үй
жануарларын ұстайтын жеке қосалқы шаруашылықтар кіреді. Сонымен қатар саяжай
учаскелерін аралап, иелерінің қандай дақылдар егіп, одан қандай өнім жинайтынын
білетін боламыз.
Бұл науқан кәдеге жаратылатын арнайы ауыл шаруашылығы жануарларын қадағалау
жүйесі ақпарат жинау мен агроөнеркәсіптік кешендегі үрдістердің ашықтығын қамтамасыз
етеді. Елде қазір жоба ендіріліп жатыр. Деректер базасы әзірге пилоттық режимде Алматы, Павлодар және
Жетісу өңірлерінде сыналуда. Сондай-ақ жүйе шекара бекеттерінде орнатылмақ. Осының
арқасында сертификаттарды беру тәртібі реттеліп, сандық үлгіге, яғни ветеринарлық
сараптама актісі және жануардың толық өмірлік циклі туралы ақпарат бар QR кодқа
алмасты.