Каспий түбімен талшықты-оптикалық байланыс жобасының маңызды кезеңі басталды

Каспий түбімен талшықты-оптикалық байланыс жобасының маңызды кезеңі басталды

Каспий теңізінің түбімен Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы алғашқы су асты талшықты-оптикалық байланыс жобасының маңызды кезеңі қолға алынды. Кабель Құрық портына жеткізіліп, кейін арнайы баржамен Әзірбайжанға жөнелтілді. Бұл туралы «Қазақтелекомның» басқарма төрағасы Бағдат Мусин өзінің Instagram парақшасында хабарлады. Айта кетейік, жоба Еуропа мен Орталық Азия арасындағы цифрлық дәліздің бір бөлігі. Желі ішкі сұранысты қамтамасыз етіп, әрі халықаралық байланыс интернет-трафигінің жылдамдығы, қауіпсіздігі мен сенімділігін едәуір арттырады, сондай-ақ Қазақстанның Еуразияның маңызды цифрлық хабы ретіндегі рөлін нығайтады деп күтілуде. Кабельдің ұзындығы шамамен 380 шақырым, ал деректерді жөнелту жылдамдығы секундына 400 терабит. Тиісті жұмыстар осы жылдың үшінші тоқсанында аяқталады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?