Қазақстанда алдағы екі жылда бірқатар жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Олар елдің энергия жүйесінің қуатын шамамен 3 ГВт-қа арттыруға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, 2026 жылы Қашағанда газ өңдеу зауытын, «Талдықорған – Үшарал» магистралды газ құбырын және «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының екінші желісі іске қосуылмақ. Үкіметте Премьер-Министрдің қатысуымен Ұлттық құрылтайда айтылған Президент тапсырмаларын жүзеге асыру мәселесі бойынша кеңес өтті. Осылайша, елімізде шекара маңындағы аумақтарды дамыту туралы заң және Өңірлік саясат тұжырымдамасы әзірленеді. Соңғысы өңірлердің дамуындағы теңгерімсіздікті жояды. Көлік саласында ірі инфроқұрылымдық жоба қолға алынбақ. Жалпы ұзындығы 800 шақырымға жуық дәлізді енгізу есебінен орталық және батыс өңірлер арасындағы жолды қысқарту жоспарлануда. Сондай-ақ, Үкімет басшысына ел бойынша дата-орталықтардың қуатын кеңейту межеленгені жеткізілді. Бұған қоса бюджетті жоспарлауға жасанды интеллект ендіріледі. Ал, АӨК алдағы 3 жылда жалпы құны 560 млн доллардың 3 ірі жобасы іске қосылады. Сондай-ақ биоалуантүрлілікті сақтау және экологиялық мәдениетті нығайту жөнінде шаралар қолға алынбақшы. Олжас Бектенов барлық бағыттар бойынша сапалы және жедел жұмыс істеу қажеттігін атап өтіп, бірқатар тапсырмалар берді.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:
- Мемлекет басшысы өз
сөзіңде экономиканың өсуі инфрақұрымлыдық және энергетикалық ірі жобаларды жүзеге
асыру, цифраландыру, адами капиталды дамытуға қатысты көптеген маңызды
мәселерді атап көрсетті. Президент үкіметтің салық саясаты жөніндегі
реформаларын қолдады. Бұл тақырып өздеріңіз білетіңдей қоғамда қызу
талқынлануда. Түзетулердің алғашқы легі Парламент Мәжілісінің қарауына
еңгізілді. Бұл ретте бюджет қаражатын оңтайлы жұмсауға және
республикалық бюджеттің кіріс бөлігін қамтамасыз етуге баса назар аударған жөн.
Жаңа цифрлы технологияларды еңгізу күшейту қажет.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов

