Жаңартылған заңнамаға сай республикалық
референдумға дайындық және ұйымдастыру жұмыстары жөнінде Мемлекет басшысына Орталық
сайлау комиссиясының төрағасы мәлімет берді. Нұрлан Әбдіров мемлекеттік органның даму
стратегиясын іске асырудың негізгі аспектілерін баяндады. Кездесу соңында Мемлекет
басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.