Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Әзербайжанға барды. Баку әуежайында Қазақстан Президентін Әзербайжан Премьер-министрінің бірінші орынбасары Ягуб Эюбов пен Сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафов күтіп алды. Одан кейін қос ел басшылары - Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиевтің келіссөздері өтті. Бұл сапар қос мемлекет ынтымақтастығына тың серпін береді деп күтілуде.