Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің төрағасын қабылдады. Ермек Сағымбаев Президентке ведомствоның
алдағы кезеңге арналған жоспары, сын-қатерлерді ескере отырып ұлттық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шешімдері туралы баяндады. Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаевқа
халықаралық терроризмге және діни экстремизмге, ұйымдасқан қылмысқа, есірткі
бизнесіне қарсы тұру, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету, мемлекеттік шекараны
қорғау және күзету салаларындағы жағдай туралы ақпарат берілді. Кездесу қорытындысы бойынша Президент
ұлттық қауіпсіздік органдары қызметінің негізгі бағыттары бойынша бірқатар
тапсырмалар берді.
Авторы: Әсел
Күшенғалиева

