Мемлекет басшысы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті қабылдады

Мемлекет басшысы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті қабылдады

Биылдан бастап елімізде студенттерге қаржылай қолдау көрсетудің жаңа тетіктері енгізіле бастады. Олардың қатарына «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын, жеңілдетілген білім беру несиесі мен дифференцияланған гранттарды жатқызуға болады. 

Бұл туралы Мемлекет басшысымен кездесуде Ғылым және жоғары білім министрі мәлімдеді. Сондай-ақ, шетелдік серіктестермен аймақтардағы мемлекеттік университеттерді халықаралық білім беру стандарттары бар зерттеу университеттеріне айналдыру туралы келісімдерге қол жеткізілген. 

Кездесу соңында Мемлекет басшысы жатақханалар салу, жоғары білім мен ғылым инфрақұрылымын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Саясат Нұрбек, Ғылым және жоғары білім министрі:

– Осы 2 жылдың ішінде елімізде шетелдік жоғары оқу орындарының 25 филиалы ашылды. Соның ішінде 4 үлкен кампус ашылатын болды. Алматыда Демонфурд университетінің, Астанамызда Кавентри және Кардиф университеттерінің кампусы және Түркістан қаласында Восонг Оңтүстік Корея Университетінің кампусы ашылмақ. Жаңадан қабылданған «Ғылым және технологиялық саясат» заңы аясында жаңа  тетіктер мен әдістемелер туралы баяндалды. Оның ішінде, TRL атақты  әдістемесі бүкіл ғылыми жүйелердің әдістемесіне айналмақ. Оның ішінде, біздің Ұлттық ғылыми академияға арнайы бөлек автономды статус берілді.