Қ. Тоқаев Қазақстандық шахматшы мен оқушыларды халықаралық жарыстардағы жеңістерімен құттықтады

Қ. Тоқаев Қазақстандық шахматшы мен оқушыларды халықаралық жарыстардағы жеңістерімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев шахматшы Меруерт Камалиденованы Әлем кубогының іріктеу сайысындағы айтулы жетістігімен құттықтады. Грузияның Батуми қаласында өтіп жатқан жарыста қазақ қызы белгілі шахмат шеберлерін қапы қалдырған. Мемлекет басшысы Меруерт Камалиденованың бұл жетістігі өскелең ұрпаққа үлгі болып қана қоймай, оларды жігерлендіретінін айтты және спортшыға алдағы финалдық сайыстарда сәттілік тіледі. Президент тағы бір құттықтау хатын халықаралық пәндік олимпиада жеңімпаздарына жолдады. 8 бірдей оқушы Барселона қаласында өткен халықаралық STEM олимпиадасында кодтау, ғылым және математика категориясында алғаш рет 13 медаль жеңіп алды. Сондай-ақ, Біріккен Араб Әмірліктерінде ұйымдастырылған химия пәнінен халықаралық олимпиадада жеңіске жеткен қазақстандық оқушылардың жеңісі де мақтауға тұрарлық. Бұл жарыста біздің оқушылар екі алтын, екі күміс, жалпы 4 медаль жеңіп алды. Қасым-Жомарт Тоқаев мұны еліміздің абырой-беделін арттыра түсетін тарихи жетістік ретінде бағалап, елде білім беру саласының қарқынды дамып жатқанынын көрінісі екенін айтты. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?