Ұлттық құрылтай – билік пен халық арасындағы тиімді қатынас орнату платформасы

Ұлттық құрылтай – билік пен халық арасындағы тиімді қатынас орнату платформасы

Ұлттық құрылтай Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған басты қоғамдық ықпалды алаң. Қазақстан Президент Әкімшілігі жетекшісінің айтуы бойынша, отырыста мәдени-рухани саланың дамуы, ғылым мен білім, ішкі саясаттан бастап экономикалық және қоғамдық мәселелер талқыға түседі. Айбек Дәдебай, Бурабайда өткен ұлттық құрылтайдың төртінші отырысындағы Мемлекет басшысының тапсырмасының барлығы дерлік Президент Әкімшілігі тарапынан жіті бақылауға алынғанын айтты.


Айбек Дәдебай, ҚР Президент әкімшілігінің жетекшісі:

– Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысының ерекшелігі- онда Президентіміз ьек қана өзекті деген сұрақтарға жауап беріп қоймай, сонымен қатар, кейбірі бойынша кесімді байламын айтты деуге болады. Сонымен қатар, Президент Қазақстанның ұзақ мерзімді даму бағыттары бойынша өзінің ұстанымдарын да ортаға салды. Бұл ретте Үкімет Парламентпен бірлесіп, қоғамдық сарапшыларды тарта отырып кең ауқымды жұмсты жүргізу міндеті тұр.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?