Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, оны Президент сайлауындағы сенімді жеңісімен құттықтап, Ресей Федерациясы көшбасшысының стратегиялық бағдары жалпыхалықтық қолдауға ие болғанын атап өтті.
Сондай-ақ, тараптар стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып келе жатқан екіжақты ынтымақтастық барысын талқылады. Мемлекетт басшылары өзара тығыз ықпалдастықты жалғастыруға келісті.