Өскеменде зейнеткерлер қазақ тілін үйренуде

Өскеменде зейнеткерлер қазақ тілін үйренуде

Қазақ тілін үйренуге деген қызығушылық артуда. Бір ғана Өскеменнің өзінде «Кел, сөйлесейік» клубының тыңдаушыларының саны күн санап өсіп келеді. Абайдың тілін оқуға тек жастар ғана емес, қарттар да құштарлық танытуда. Тағы бір айта кетерлігі, мемлекеттік тілді түрлі ұлт өкілдері үйренуге ниет білдіріп жатыр. Клуб тыңдаушыларының сөзінше, дәрістерде аз уақыттың ішінде сөздік қорды едәуір жақсартуға болады. Айтуларынша, оқу бағдарламасы ауқымды әрі қызықты. Жаңа материалға көшпес бұрын қатысушылар өткен материалдарды қайталайды, әрі өздігінен мәтін құрауды үйренеді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аян Қалымбектің айтуынша, ол нағыз өзіне ұнайтын істі тапты. Ерікті азамат оқушылардың іске бар ынтасымен қарағанынан серпіліс алады.

 

Галина Колмакова, зейнеткер:

 – Мен балабақшада тәрбиеші және әдіскер болып жұмыс істедім. Сол кездің өзінде кішкентай балаларға бірнеше тілді қатар үйрету әдістерін қоспақшы болдық. Сондықтан қазақ тілі маған таңсық емес. Одан кейін, міне, курс та ашылды. Біле сала, қуана келдім.

 

Аян Қалымбек, қазақ тілінің мұғалімі:

– Азаматтық парызымыз деп, өзге ұлттарға аптасына бір рет үйретеміз. Деңгей күннен-күнге өте жақсы өсіп келеді. Бұл кісілер қазір жетілді.