Олжас Бектенов Қырғызстанмен шекарадағы өткізу пункттерін тексерді

Олжас Бектенов Қырғызстанмен шекарадағы өткізу пункттерін тексерді

Премьер-министр Мемлекет басшысының шекаралық өткізу пункттерін жаңғырту жөнінде берген тапсырмасының орындалу барысын тексерді. Олжас Бектенов Қырғыз Республикасымен мемлекеттік шекарадағы «Қордай» және «Қарасу» автокөлік өткізу бекеттерінде болып, өткізу пункттерінің инфрақұрылымымен, және одан әрі дамыту жоспарларымен танысты. «Қордай» АӨБ-те жүргізілген реконструкция нәтижесінде жолаушылар ағыны 4 есеге, автокөлік ағыны 3 есеге жуық өсті. Рәсімдерді жеделдету және қауіпсіздікті арттыру үшін инспекциялық-тексеру кешені енгізілді. «Қарасу» пункті бойынша да жаңғырту жұмыстары басталды, бұл өткізу қабілетін тәулігіне 700-ден 2 мыңнан астам көлік құралына дейін арттыруға мүмкіндік береді. Премьер-министр шекара нысандары трансшекаралық ынтымақтастықты дамытуда маңызды рөл атқаратынын және халықаралық автомобиль және жолаушылар қатынасын қамтамасыз ететінін атап өтті және жөндеу жұмыстарының сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Қуат Кенжебаев, Қордай шекаралық бақылау бөлімі бастығының орынбасары:

– Бүгінгі таңда жолаушылар ағынын арттыру үшін көлік құралдарына арналған жолақтарды 4-тен 8-ге дейін, кіру-шығу залдарындағы паспорттық бақылау кабиналарын 20 жұмыс орнынан 40 жұмыс орнына дейін ұлғайтылды. Көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды тиімді тексеру мақсатында біз Рапискан маркалы инспекциялық тексеру кешенін құрдық, бұл рентген сәулесі арқылы тауарларды, жеңіл көлік құралдарын, жүктерді сканерлеп, өткізуге мүмкіндік береді. Орташа есеппен алғанда жүк тиелген көлікті тексеруге 15-тен 20 минут уақыт жұмсалады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?