Ұлттық банк Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналған монеталарды айналымға шығарды

Қазақстанда «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» монеталар сериясының коллекциялық монеталары айналымға шықты. Олар Қазақстанның Халық қаһарманы, Екінші дүниежүзілік соғыстың батыры – Рақымжан Қошқарбаев пен белгілі отандық ғалым-археолог Кемел Ақышевтың 100 жылдығына арналған.


Алмат Бәсенов, ҚР Ұлттық банкінің бас дизайнері:

– Бұл монеталар қазақстандық монета үйінде мельхиор ерітіндісінен жасалды. Салмағы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм. Ең жоғарғы сапа стандартына сай. Ал, номиналы – 200 теңге. 5 мың данамен шығарылады. Монеталарды Ұлттық банктың интернет дүкендері арқылы сатып алуға болады.