Мемлекет басшысы Мысыр Араб Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Әбделуахаб Әбделразеқті қабылдады

Мемлекет басшысы Мысыр Араб Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Әбделуахаб Әбделразеқті қабылдады

Мемлекет басшысы Мысыр Араб Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасын қабылдады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделуахаб Әбделразеқтың Қазақстанға сапары екіжақты парламентаралық байланысты нығайтуға тың серпін беретініне сенім білдірді. Әңгімелесу барысында екі ел арасындағы парламенттік дипломатияны дамыту, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы Мысыр компанияларын көлік-транзит, туризм, цифрландыру салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастыруға шақырды.