Қазақстан IT-алпауыттарымен 10 млрд доллардың келісімдеріне қол қойды

Қазақстан IT-алпауыттарымен 10 млрд доллардың келісімдеріне қол қойды

Қазақстан Үкіметі мен IT-алпауыттары Firebird және NVIDIA жалпы құны 10 млрд доллардың келісімдер пакетіне қол қойды. Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов NVIDIA вице-президенті Рев Лебаредянмен және Firebird негізін қалаушылар: бас директоры Размик Овакимянмен және Александр Есаянмен кездесу өткізді. Тараптар ұлттық жасанды интеллект инфрақұрылымын дамыту мәселелерін қарады. Олардың қатарында жоғары өнімді есептеу қуаттарын құру, заманауи деректерді өңдеу орталықтарын орналастыру және халықаралық технологиялық серіктестерді тарту мәселелері талқыланды. Қол жеткізілген келісімдер «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасын одан әрі жүзеге асыруға негіз қалайды. Ол АІ енгізуге, бұлтты шешімдер және жаңа буын цифрлық сервистеріне арналған заманауи базаны құруды көздейді. Жобаның бірінші кезеңі 2027 жылы іске асырылады.

Размик Овакимян, Firebird компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры:

- Президенттің 2026 жылды  «Жасанды интеллект жылы» деп жариялау жөніндегі көреген шешімін ерекше атап өткім келеді. Қазақстанға алғаш келген кезде-ақ елдің биік мақсаттары, технологиялық тәжірибесі мен адами капиталы әлемдік деңгейде екені бірден байқалды. Бүгінде жасанды интеллектінің озық есептеу қуаттарына, таланттарды дамытуға және инновациялық экожүйелерге инвестиция салып жатқан елдер ертеңгі экономикалық мүмкіндіктерді қалыптастыратын болады. 2027 жылы жобаны іске қосу Қазақстанды әлемдегі жетекші он елдің қатарына қосады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?