В.Путин Астанада өтетін ШЫҰ саммитіне қатысады

В.Путин Астанада өтетін ШЫҰ саммитіне қатысады

Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасы одақтастық пен стратегиялық әріптестікке негізделген. Ресей президенті Владимир Путин Санкт-Петербург Халықаралық экономикалық форумы шеңберінде өткен Халықаралық масс медиа өкілдерімен кездесуде осылай мәлімдеді. Ол екі ел арасындағы сауда-экономикалық алыс-беріс жылдан жылға артып жатқанын атап айтты. Көршілес мемлекеттер арасындағы әріптестік барлық бағытта, әсіресе сауда айналымы, энергетика, өнеркәсіптік кооперация, аэроғарыштық салада беки түскен. Сонымен қатар, Владимир Путин Астанада өтетін Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының форумына қатысатынын растады. Еске салайық, айтулы жиын Астанада 3-4  шілдеде өтеді.

 

Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті:

 

-Біз Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен үнемі байланыстамыз. Онымен арамызда өте сенімді, жылы достық қатынас қалыптастан. Екі ел арасын бөліп жатқан үлкен шекарамыз бар. Адамдар бір-бірімен араласып тұрады. Ресей Федерациясының 76 субъектісі тікелей Қазақстанмен жұмыс істеп жатыр. Және дәл солардың жұмысы жақсы жүріп жатыр деп есептеймін, себебі адамдар бір-бірімен тікелей байланысқа шыға алады және ортада сенім қалыптасқан.